13
декабрь
2020
"Елін сүйген, Елі сүйген елбасы!"
"Елін сүйген, Елі сүйген елбасы!" тақырыбында 5б сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатында тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізілген саясаты туралы мағлұмат беріліп, оқушылар тұңғыш президент жайлы өздері білетін мағлұматтармен бөлісті. Сыныппен топтық жұмыс жасап, бірінші топ тұңғыш президентіміздің бойындағы қасиеттері жайлы постер қорғаса, басқа топтар сөз жұмбақ шешті. Сонымен зум платформасы бойынша өткізілген сабақ қорытыланды, ал зум платформасымен жұмыс жасай алмаған оқушыларға WhatsApp мессенджері арқылы тұңғыш президентіміз жайлы слайд салынып, оқушылар танысып, оқушылар қызыға сөз жұмбақ шешті.
Ел тілегім қайратым,
Абыройым, айбатым,
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
5б сынып жетекшісі: Чекетаева Ж.А.
Ел тілегім қайратым,
Абыройым, айбатым,
Отан даңқын асырдың,
Көк туымды жайнатып.
Бағымызға жүр аман,
Нұр сәулетті, Нұр аға!
5б сынып жетекшісі: Чекетаева Ж.А.