1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай өткізілген іс-шаралар » КГУ "Курчумская средняя школа №4 имени Николая Островского"
КГУ "КУРЧУМСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА №4 ИМЕНИ Н.ОСТРОВСКОГО"
ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КУРЧУМСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Приемная:
+7 (7232) 61-76-04
Бухгалтерия:
+7 (7232) 61-76-50
Версия
для слабовидящих
» » 1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай өткізілген іс-шаралар
02
октябрь
2019

1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай өткізілген іс-шаралар

«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай өткізілген іс-шаралар 


1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Бұл күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде жыл сайын аталып өтіледі. 

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – халқымыздың ерте заманнан келе жатқан салты. Осы орайда оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінде сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді.

4 «А» сыныбының жетекшісі Мухамадова Ляйля Турспековна «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатына құрметті қонақ ретінде  ұзақ жылдар бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған ардагер ұстаз Ульмесекова Бактыгуль және оқушылардың ата-әжелері шақырылды. Тәрбие сағаты барысында   оқушылар арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетіп, қарияларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шақырылған қарияларға 4 «Б» сынып оқушылары арнайы сыйлықтарын тапсырды.

Сонымен қатар «Жас ұлан» ұйымының мүшелері, сынып жетекшілерімен бірге, Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің директоры болып қызмет атқарған, ардагер ұстаз Сембаев Қуанышбай Қапашевичтің, «Алғабас» мектебінде кітапханашы болып жұмыс істеген Коконова Нурбанудың, ауыл ардагерлері Чепенова Канипаның, Алдербаевтар отбасына және тағы басқа қариялардың үйіне барып, арнайы сыйлықтарын табыс етті.

Өткізілген іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор болды. Оқушылар Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарға қаморлық көрсету,  құрметтеу, сыйлау қажеттілігін ұғынды.

Наш адрес
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
КУРЧУМСКОГО РАЙОНА
Республика Казахстан 070003 ВКО, Курчумский район,

©2016-2024, Официальный сайт Коммунальное государственное учреждение "Курчумская средняя школа №4 им Н.Островского" отдела образования по Курчумскому району Управления образования Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа" Техническая поддержка "Internet service" +77075327722. tangatarov13@mail.ru