Эко-сағат акциясы » КГУ "Курчумская средняя школа №4 имени Николая Островского"
КГУ "КУРЧУМСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА №4 ИМЕНИ Н.ОСТРОВСКОГО"
ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КУРЧУМСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Приемная:
+7 (7232) 61-76-04
Бухгалтерия:
+7 (7232) 61-76-50
Версия
для слабовидящих
» Эко-сағат акциясы
03
октябрь
2019

Эко-сағат акциясы

«Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Эко-сағат акциясы  



2019 жылғы 3 қазан күні Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен  ұйымдастырылған «Эко-сағат» акциясы аясында «Эко-сағат – Қазір баста!» ұранымен эко-сағат өтті. Эко-сағаттың мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақты қоршаған ортаға ұқыпты қарау және табиғи ресурстарды сақтау мәселелеріне тарту.

Экологиялық сағатқа байланысты өткізілген салтанатты жиынға Күршім ауданының әкімі Қажанов Дулат Зайсанбекұлы, Күршім ауылы ардагерлер алқасының төрағасы Қайыров Нұрсабет Қайырлыұлы, Күршім ауданының маслихат депутаты, әйелдер алқасының мүшесі Қумарова Ляззат  қатысты. Аудан әкімі құттықтау сөзінде экологияның жақсы күйде болуына, айналамыздың таза тұруына, қоршаған ортаны көгалдандыруға барша халық атсалысуы керек екендігін айтып өтіп, 11-сынып оқушыларымен көшет отырғызды.

Сондай-ақ эко-сағат жоспарына сәйкес 4 «В» сыныбында «Егер Жер алма болса», 5 «А»сыныбында «Жердің температурасы бар», 10 «В», 11 «В» сыныптарында «Мұхиттар қауіпті жағдайда» тақырыптары бойынша   танымдық-дамытушылық сағаттар өткізілді. «ЖасҰлан» ұйымының мүшелері «Су, жер, ауа» тақырыбында флеш-моб көрсетті. «Eco Challenge» көрмесі ұйымдастырылды, көрмеге табиғатқа, қоршаған ортаға байланысты оқушылардың қолынан шыққан бұйымдар қойылды.

Халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға ерекше мән берген.  Эко-сағат акциясы бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың игілігі үшін жасалып отырған маңызды қадам. Жас ұрпақты табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарауға насихаттауға бағытталған бұл дәстүр келешекте жалғасын таба бермек.

Наш адрес
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
КУРЧУМСКОГО РАЙОНА
Республика Казахстан 070003 ВКО, Курчумский район,

©2016-2024, Официальный сайт Коммунальное государственное учреждение "Курчумская средняя школа №4 им Н.Островского" отдела образования по Курчумскому району Управления образования Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа" Техническая поддержка "Internet service" +77075327722. tangatarov13@mail.ru