«Оқумен оқыту үрдісіндегі ІТ білім берудің құзыреттілігі»
«Оқумен оқыту үрдісіндегі ІТ білім берудің құзыреттілігі»
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет болашағының кепілі- жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың кемел талантты ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», -деген. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.
Қазіргі буын керемет уақытта дүниеге келіп, өмір сүріп жатыр деп санаймын. Себебі, біз Тәуелсіз елде туып, еліміздің жыл санап саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда нығайып келе жатқанына куә бола жүріп, оған өз үлесімізді қосу мүмкіндігіне ие болдық. Осының бәрі – Қазақстанның әлемдік аренада мойындалғанының айқын белгісі.
Жас буын өкілі ретінде, әсіресе, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы үшін ерекше қуаныштымын. Себебі, болашақ технологияға байланысты, технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізу басқа салаларға да серпін береді. Адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
“Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты”. Цифрландыру дегеніміз -Қазақстанның озық ел атану жолындағы мақсат.
Білім саласындағы «Цифрлы Қазақстан» бойынша жүзеге асып жатқан істердің нақты нәтижесі көрініп келеді. «Электронды күнделік»жүйесіне тоқталатын болсақ,бүгінде электронды журналдар мен күнделіктер жүйесі республика бойынша 6 мыңнан астам мектептерде енгізілген. Кез келген ата-ана ғаламтор арқылы сол жүйеге кіріп, баласының үлгерімін қадағалай алады. Қазір 300 мыңға жуық мұғалім мен 2,5 млн астам оқушы және 1,5 млн астам ата-ана бұл жүйеге тіркеулі. Бүгінде мектептерді цифрлық мектепке айналдыру қажеттілігі туындап отыр.Осыған орай, ауданның барлық мектептерімен қатар біздің мектеп қағаз журналдардан Кунделик КЗ электронды жүйесін пайдалануға көшті,бұл мұғалімдер ұжымына, ата-аналар қоғамдастығына және оқушыларға тығыз байланыста және білім сапасын арттыру бойынша бірге жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Жүйеде жыл басында 75 мұғалім, 468 оқушы және 377 ата-ана тіркелген (барлық пайдаланушылар белсенді). Оқу жылының басында табысты жұмыс істеу үшін мектеп әкімшілігі, осы жүйені пайдалану мәселелері бойынша мұғалімдерге арналған 3 семинар, 2 ата-аналар жиналысын өткізді.
Инновациялық технологиялар мен IT-білім беру оқу-тәрбие үрдісінің көптеген аспектілеріне мәнді, әрі маңызды әсерін тигізеді, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Ақпараттық технологиялардың арқасында сабақ беру әдісі жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың міндеті өзгеруде. Электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер негізінде оқушының ынтасы мен белсенділігі артып, білім бағдарламасын толыққанды меңгеруге жол ашылуда.
мұндай тамаша мүмкіндік бізге Билим Ленд порталы береді, онда мұғалімдер үшін 56 аккаунт тіркелген және белсенді жұмыс істейді. Бірінші жарты жылдықта белсенділік рейтингі бойынша біздің мектеп 8-ші орында болды, екінші жарты жылдықта мектеп курстарының 2578 ресурстарын пайдаланып, қарау коэффициенті -46ға жетіп, 1-ші орынға шықты. Әр мұғалім осы порталдың ресурстарын орташа есеппен аптасына 3 рет қолданды. Сонымен қатар пән мұғалімдері өздерінің жеке кабинеттерінде сынып оқушыларын тіркеді, бітіруші сынып оқушылары ҰБТ-ға дайындық бойынша ресурстарды белсенді пайдаланды, мектеп әкімшілігімен ҰБТ-ға дайындық деңгейін бақылау үшін тестілеу ұйымдастырылды
Аудан бойынша ҚИО олимпиадаларына қатысу бойынша біздің мектеп алдыңғы қатарда. Мұғалімдер мен оқушылар үнемі жүлделі орындарға ие болады.
Жаксы жаңалықтардың бірі: 2018-2019 оқу жылында «Н.Островский атындағы №4» Күршім орта мектебінде ІТ-класс ашылуы. Ол кабинетте жетекшілік етіп,оқушылармен жұмыс жүргізетін физика пәні мұғалімі Кенжебаева Бақтыгуль Абдыкаримовна.Еңбек өтілі 15 жыл,1-санатты ұстаз. Жас маман, 2-жылдық еңбек өтілі бар физика пәні мұғалімі Ахметова Аяулым Талғатқызы. Сонымен қатар тағы 2 мұғалім мен 2 лаборант Робототехника курсын аяқтады
Жалпы мектеп бойынша 465 оқушы білім алса,солардың ішінде 302оқушы ақпараттық технологиядан білім алуда.Яғниақпараттық технология бойынша мектеп оқушыларының 65% пайызын құрайды.
Бұл кабинетте 4-сыныптар ІТ бағдарламасы пәнін оқыса,5-6 сынып оқушылары «Мини инженер» пәнінен,ал 7-9 сынып оқушылары робототехника пәндерін оқуда. Роботехника кабинетінің ашылғанына көп уақыт өтпесе де, Бақтыгул Абдыкаримовнаның еңбекқорлығының,жұмысына деген сүйіспеншілігінің арқасында оқушылары көп нәтижеге қол жеткізіп отыр деуге болады.
2018-2019 оқу жылында өткен «Рухани жаңғыру » аясында «Менің алғашқы бағдарламам» аудандық турнирде-шығармашылық категория бойынша Асылжан Тлеулі,Оразбек Аружан,Әуесбеков Ислам-ІІ орындарды иленсе,модельдеу бойынша ІІ-орындарды иленген Кадырбаева Аяжан,Кумархан Перизат,Ермекбай Бекасыл.
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН»мемлекеттік бағдарламасын және «НҰР Отан»партиясының «Балаларға тегін ІТ сыныптар» бастамалық жобасын жүзеге асыру аясында облыстық «SKILLS FOR GEEKS» чемпионатына оқушыларды дайындағаны үшін алғыс хат.
«SKILLS FOR GEEKS ІТ» біліктілік чемпионат аудан кезеңінде 10+3д модельдеу категория бойынша 1-орын, кегельринг категориясы бойынша 3-орынды иеленді.
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеттік бағдарламасын және «НҰР Отан»партиясының «Балаларға тегін ІТ сыныптар» бастамалық жобасын жүзеге асыру аясында облыстық «SKILLS FOR GEEKS» чемпионат Ермекбай Бекасыл мен Елубаев Мансұр сертификатқа ие болды.
2019 жылы «Жастар жылы және Нұр Отан» партиясының «Балаларға тегін ІТ сыныптар»бастамалық жобасын жүзеге асыру аясында облыстық «JASTAR TIME»(жастар тайм)7-ші фестиваліне оқушыларды инновациялық жобаларына жетекшілік жасағаны үшін Алғыс хат
2019 жылы «Жастар жылы және Нұр Отан» партиясының «Балаларға тегін ІТ сыныптар»бастамалық жобасын жүзеге асыру аясында облыстық «JASTAR TIME»(жастар тайм)7-ші фестивалінде инновациялық жобаларына қатысқан үшін Ермекбай Бекасыл мен Елубаев Мансур сертификатпен марапатталды.
Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын қарапайым лекцияларға қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. Қазақ мектептерін цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі, әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды. Белгілі бір құзыреттілікті қалыптастыру білім алушылардың мақсаттарына және жас ерекшеліктеріне сәйкес білім берудің әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асады.
Бұл – жастардың жоғары білім алуына қол жеткізуді көздейтін ілкімді бастама. Осыған орай, жас буынның шығармашылық қабілеттерін және сыни ойлауын дамыту мақсатында бағдарламалаудың дағдыларын қалыптастыру үшін қажет. Бұл бағыт бойынша білім беру бағдарламасының мазмұнын үнемі жаңалап отыру керек. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру.
Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үмітіміз зор.