17
ноябрь
2020
"Шын жүректен" қайырымдық акциясы
Мектебімізде «Шын жүректен» қайырымдылық акциясының жалғасуына орай «Жас Ұлан» ұйымының ұйымдастырумен мұқтаж отбасыларға көмек беру қайырымдылық көрсету мақсатында аталмыш шаралар өтті. Ұлан басы Казезканова Аружан ұйым атынан аталған іс-шараға көмек көрсеткен ұстаздарға , оқушыларға алғысын білдірді. Көмекке мұқтаж үш отбасына азық түлікпен қоса оқушылар дайындаған жылы лебіздер мен тілектер жазылған ашық хаттар берілді. Көмек көрсетілген отбасылар оқушыларға алғыстарын білдіріп, батасын берді.