Кәсіптік бағдар бойынша өткізілген іс-шаралар
«Н. Островский атындағы №4 күршім орта мектебі» КММ-де өткізілген кәсіптік бағдар бойынша өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат
Мектебімізде 2020 оқу жылының 27 қантар күні 8-9 сынып оқушылары Күршім аудандық Алтай Электр Станциясына саяхаттап барған еді .
Іс – шараның мақсаты : өскелең жас ұрпақтың бойында еңбекке деген қызығушылықты танытып, болашақ мамандықтарын таңдауға көмек көрсету,
Сондай-ақ жас ұрпақтың бойына жауапты,еңбекқор, ұшқыр, жан – жақты тұлғалардың санын көбейту. Саяхат оқушыларға ұнап, олар өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауаптарын алды. Сонда жұмыс жасайтын мамандар өз жұмыстарын жете біліп, оқушыларды осы мамандықтың қыр ,сырларымен таныстырып өтті. Мектеп оқушылары осы саяхат келешекте мамандық таңдауға үлкен септігін тигізетінін айтып, сондағы мамандарға алғыстарын білдірді.

Мектеп директоры : О.С.Сейтказин