Арекова Лязат Нурахметовна » КГУ "Курчумская средняя школа №4 имени Николая Островского"
КГУ "КУРЧУМСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА №4 ИМЕНИ Н.ОСТРОВСКОГО"
ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КУРЧУМСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Приемная:
+7 (7232) 61-76-04
Бухгалтерия:
+7 (7232) 61-76-50
Версия
для слабовидящих
» » » Арекова Лязат Нурахметовна
22
октябрь
2020

Арекова Лязат Нурахметовна

Арекова Лязат Нурахметовна

1.Тегі, аты, жөні: Арекова Лязат Нурахметовна
2.Лауазымы, жұмыс орны, қызметі: Көркем еңбек пәні мұғалімі, «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ
3.Жынысы: әйел
4.Туған жылы, айы, күні және туған жері: 1961 жылы 6 маусым, Күршім ауданы, Қойтас ауылы
5.Ұлты: қазақ
6.Білімі: жоғары
7.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ
8.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградалармен наградталған және наградталған уақыты: жоқ
9.Мекен-жайы: Күршім ауылы Абай көшесі 157 үй
10.Еңбек өтілі: 37,5 жыл
11.Саладағы жұмыс өтілі: 37,5 жыл
12.Осы мекемедегі еңбек өтілі: 23 жыл
13.Марапатталушының нақты айрықша сіңірген еңбегі көрсетілген мінездеме: Арекова Лязат Нурахметовна 23 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
 2015 жылы «ШЖМ технология, музыка және дене шынықтыру пәні бойынша үздік бейімделген бағдарлама» облыстық байқауында 3-орын алды. «ZIAT» Ғылыми–әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған қашықтықтан өткізілген II Республикалық педагогтардың «Өнегелі ұстаз» атты сайысында 3-орын иеленді. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткен «Үздік үйірме жұмысы» атты аудандық сырттай байқауында 1-орынмен марапатталды. 2016 жылы Аудандық білім бөлімінен Алғыс хат иеленді. Шығыс Қазақстан Өңірлік Ғылыми –практикалық «Дарын» орталығынан Алғыс хат алды. 2017 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Республикалық «Білім және Ғылым» шығармашылық бірлестігінен Алғыс хат және сертификат алды. Ресейдің Г.В.Плеханов атындағы экономикалық университетінің Өскемен қаласындағы филиалынан сертификат алды. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығынан « Алғыс хат» иеленді. Аудандық білім бөлімің Мақтау қағазымен марапатталды. 2019-2020 жылдары Білім беру ұйымдарының педагогтары арасында үздік мастер-класс облыстық қашықтық байқауынан II-орынды иеленді. Daryn.online білім беру платформасы мен Qaztest.kzолимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған I Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасында II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020ж. Білім беру ұйымдарының педагогтері арасында үздік мастер-класқа қатысып, облыстық қашықтық байқауында ІІ-орынға ие болды
 Лязат Нурахметовнаның әдістемелік журналдарда, жинақтарда басылымдары шықты. 2016 жылдары «Kopilka urokov.ru» сайтында «Қазақ халқының ұлттық киімдері» атты сабағы жарияланды және «Сәндік қолөнерге оқушылардың қызығушылығы» атты сабағы жарияланды. Ауданішілік іс-тәжірибесімен бөлісті. 2017 жылы «Білім және Ғылым» шығармашылығы сайтында «Ұлттық қолөнерді технология сабағында оқытудың ерекшеліктері» атты әдістемелік еңбегі шықты. «Мектептегі өнер» журналының № 4-5 санында «Сәндік қолөнерге оқушылардың қызығушылығы» тақырыбындағы сабақ жоспары жарық көрді. 2018 жылы «Көркем-эстетикалық пәндерді оқытуда оқушыларңа рухани ізгілік және патриоттық тәрбие беру» тақырыбында аудандық семинарда шеберлік сыныбын өткізді.
 Оқушыларының ғылыми-зерттеу әрекетін ұйымдастыру мақсатында (көрме, байқаулар )мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежеде алған марапаттары: Аудандық «Жастар шығармашылығы-2016» көрмесінде жалпы командалық сайыста 2-орын иеленсе «Әшекей бұйымдар бөлімі бойынша 1-орынды иеленді. «Қазақстан-менің елім» облыстық форумында «Жасыл әлем» бағыты бойынша Аманбекова Е 3-орынмен марапатталды. Аудандық «Жастар шығармашылығы-2017» көрмесінде жалпы командалық сайыста 1-орын, V-ші халықаралық балалар шығармашылық «Таланттар жәрмеңкесі» байқауының «Кестелеу» номинациясы бойынша Құмарқанова А 1- орын иеленді. 2017 жылы «Білім және Ғылым» атты Республикалық фестивальде «Үздік ғылыми жоба» бағытында Кеншимбай Күлзикен 1-орын иеленді. Аудандық «Жастар шығармашылығы-2018» көрмесінде жалпы командалық сайыста 1-орын. «Алтын қазына» облыстық көрме-байқауында «Үздік киім үлгісі» номинациясы бойынша I-орынмен, команда мақтау қағазымен марапатталды. 2018 жылы «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты облыстық көрмесінде Рахымгалиева Айзат I-орын, Казезқанова Дильназ III-орын. 2019 жылы Аудандық «Жастар шығармашылығы-2018» көрмесінде командалық сайыста II-орын. 2019 жылы «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз атты облыстық көрмесінде Казезқанова Аружан II-орын. «Алтын қазына» облыстық көрме-байқауында Корниенко Камила І –орын, Қазезқанова Дильназ III-орын, Ахметова Сабина, Бушнева Кристина сертификат алды. «Алтын қазына» көркем және сәндік қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме байқауында Корниенко Камила ІІІ-орынға ие болды. 2020 жылы «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты аудандық көрмеде Казезқанова Аружан I-орын иеленді .
 Лязат Нурахметовна ұжым өмірінде белсенді қызмет атқарады, өз еңбегіне адал, ұқыпты, болашақ жастарды патриоттық сезімге тәрбиелейді. Үлгілі мұғалім, ата – аналар, оқушылар алдында беделді. 
Наш адрес
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
КУРЧУМСКОГО РАЙОНА
Республика Казахстан 070003 ВКО, Курчумский район,

©2016-2024, Официальный сайт Коммунальное государственное учреждение "Курчумская средняя школа №4 им Н.Островского" отдела образования по Курчумскому району Управления образования Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа" Техническая поддержка "Internet service" +77075327722. tangatarov13@mail.ru