09
сентябрь
2019
Сейтказин Оралбек Сейтказинович
Сейтказин Оралбек Сейтказыулы 1971 жылдың 9 сәуірі күні Шығыс Қазақстан облысы,Күршім ауданы Күршім ауылында дүниеге келді.Ұлты қазақ . Жанұялық жағдайы үйленген. 1978 жылы Күршім №3 орта мектебіне қабылданып,1988 жылы аталған орта мектептің 11 сыныбын бітірді.1988 жылы Өскемен педагогикалық институтына түсіп, 1993 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің толық курсын «жалпы техникалық пәндер және еңбек » мамандығы бойынша бітіріп шықты.1993-94 оқу жылы Қайнар орталау мектебінде технология ,сызу пәндері мұғалімі қызметін атқарды.1994-2004 жылдарыЮ.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінде технология пәні мұғалімі болып қызмет етті.
2004-2015 жылдар аралығында
«Ю.А.Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2015 жылдан бері «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры болып қызметін жалғастыруда.