21
октябрь
2020
"Күзгі сый" мектепішілік байқауы

Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінде 2020жылдың 10-14 қазан аралығында « Күзгі сый» атты бейнероликтер онлайн байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты: күзгі жемістер, көкеністердің адам ағзасына пайдасын анықтау, олардан жасалатын тағам түрлерін дайындай білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау 5-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқаудың нәтижесі бойынша, бас жүлдеге 5 «а» сынып оқушысы – Жеңісхан Мансұр ие болды. 1-орын иегерлері: 5 «б» сынып оқушысы – Серғазы Аружан, 6 «а» сынып оқушысы Айбақыт Мұратқызы және 9 «б» сынып оқушысы - Бауыржан Арайлым. 2-орынға 5 «в» сынып оқушылары, 5 «б» сынып оқушысы – Орынбасар Сағадат, 7 «а» сынып оқушысы – Маратқызы Айым және 8 «б» сынып оқушысы – Бағланқызы Баян ие болды. 3- орынды 6-7-8 «в» сынып оқушылары мен 10 «б» сынып оқушылары иеленді.