16
октябрь
2020
Жаңа оқу жылындағы бағдарлама бойынша өзгерістер мен жаңалықтар
2020 жылдың 15 қазан күні Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебінің ұйымдастыруымен "ПАЗЛ" желілік қауымдастығының онлайн отырысы өтті. Онлайн отырысқа серіктес мектептердің оқу ісінің меңгерушілері мен қауымдастық жұмысы бойынша жауапты мұғалімдері қатысты. Серіктес мектептер шағын жинақты мектеп болып табылатындықтан, биылғы жаңа 2020-2021 оқу жылын штаттық режимде оқытып бастағанын, әр мектеп өздерінде болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерін айтып өтті. Өз кезегінде жетекші мектеп үйлестірушісі А.К.Кудедаева жаңа оқу жылына арналған жетекші мектеп пен серіктес мектептердің бірлескен жұмыс жоспарының мақсат-міндеттеріне сай жұмыстарды уақытылы атқарып, іс-тәжірибелермен бөлісіп отыруды тапсырды.