05
декабрь
2024
«BREND SCHOOL» жобасы
Мектебімізде биыл, 2024-2025 оқу жылында «BREND SCHOOL» жобасы өз жұмысын бастады.Жобаның мақсаты: қолөнер жұмыстары бойынша мектептің өзіндік брендін қалыптастыру. Яғни, бұл жоба арқылы оқушылар қолөнерге деген қызығушылықтарын арттырады, креативті идеяларын жүзеге асырады, кәсіптік бағдар алып, қажетті бұйымдарды тігеді, сәндеу жұмыстарын жасайды.
Ең алдымен тігу жолы жеңіл, оңай, ыңғайлы бұйым ретінде алғашқы тырнақ алды жұмыстарын оқушылар сыпыра тігуден бастағанды жөн көрді.
Оқушылар сыпыраны тігу жолын ғана үйреніп қоймай, өз идеяларын креативті түрде сыртқы бетіне сурет ретінде түсіре алды, кестелеу арқылы да сәндеді. Сондай-ақ, логотип немесе этикетканы мектеп брендін қалыптастыру мақсатында әр бұйымға жабыстыруды мақсат етіп қойды.
Сонымен қоса, жоба аясында 5-7 сынып оқушылар (қыздар) шеберхана асханасында тағам мен аспаздық өнімдерді дайындау технологиясының ерекшеліктерін үйренеді.
Жоба «Қолөнер шеберханасы» үйірмесі негізінде жүргізіледі. Қатысатын оқушылар деңгейі: 8-9 сынып оқушылары (қыздар).Жетекшілері: Жадыра Сманжина – көркем еңбек пәні мұғалімі және Эльмира Томаганова, Гулим Аскабиева – өндірістік оқу шеберлері.