28
ноябрь
2024
"Мектеп Life" жобасы
"Мектеп Life" жобасы – мектептің жаңалықтарын, өткен шараларды және маңызды ақпараттарды жеткізуді мақсат еткен ерекше бастама. Жоба аясында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытады. Жобаның жетекшілері Айнұр Төлеуқанова және Кенже Зияшева.
Оқушылар өз қызығушылықтарына сай әртүрлі рөлдерді атқарады.
Мысалы:
Тұрсынова Еңлік – редактор;
Әлкешова Камила және Тілеулі Асылжан – тілшілер;
Құмарқанова Маржан – газетті безендіруші.
Редакция мүшелері өздеріне жүктелген міндеттерді үлкен жауапкершілікпен орындап, екінші басылымға материалдар жинақтауда. Бұл жоба оқушылардың өздерін жан-жақты дамытып, мектеп өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді.