08
октябрь
2024
"Ерте жүктіліктің алдын алу"
Күршім аудандық орталық ауруханасының акушер маманы Бақыт Советқызымен, мектебіміздің медбикесі Г.Р. Сейташимова, мектеп психологы И.М. Акшабаева, директордың оқу -тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.С. Камзинамен қазан айының 8 жұлдызында « Н. Островский атындағы №4Күршім орта мектебінде" 9-11 класс оқушылар арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинар барысында қыз балаларға ерте жүктіліктің салдары, келешектегі қауіп-қатері және жеке бас гигиенасы, қыздың тәрбиесі төңірегінде әңгіме қозғалды. Қыз балалардың осындай әңгіме барысында олардың тарапынан сұрақтар мен пікірлер өте көп болды. Іс-шара соңында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.



