25
апрель
2022
Кітап және менің отбасым
Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтіп, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін,есте сақтауын, қиялын дамытады.Дана халкымыз "баланы -жастан" деген ұстаныммен оның тәрбиесі мен біліміне ерекше көңіл бөлген,кішкентайынан өнер- білімге,кітапқа құштар болып өсуі үшін барын салған.Бала өміріндегі ең басты ұстазы-ата- анасы.Осы ретте, анасы Жазираның ұстаз ретінде мектепте сабақ берумен қатар, үйде екі баласына кітап оқуға баулудағы тәрбиесіне шексіз алғыс айтқымыз келеді.Ата -анасы үнемі балаларымен бірге кітап оқуға уақыт бөліп,оны талқылап,пікір алмасады, сонымен баланың кітапқа деген қызығушылығын арттырады. Соның дәлелі ретінде қызы Томирис кітап оқығанды жаны сүйеді, мектеп кітапханасының үздік оқырманы, сыныпта да озат оқушы қатарына жатады. "Кітап және менің отбасым " такырыбында сайысына қатысушы Күршім √4 орта мектебінің 3 В сынып оқушысы Аязбаева Томирис отбасыммен кітап сүйер оқырмандарын бірі болып табылады.