Регламент » КГУ "Курчумская средняя школа №4 имени Николая Островского"
КГУ "КУРЧУМСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА №4 ИМЕНИ Н.ОСТРОВСКОГО"
ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КУРЧУМСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Приемная:
+7 (7232) 61-76-04
Бухгалтерия:
+7 (7232) 61-76-50
Версия
для слабовидящих
03
январь
2020

Регламент

Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2018 жылғы "09" қарашадағы
№ 327 қаулысымен
бекітілген
Шығыс Қазақстан
облысы әкімдігінің
2014 жылғы "20" тамыздағы
№ 211 қаулысымен
бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін 
бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына 
қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1.  "Бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  бағдарламалары 
бойынша  оқыту  үшін  ведомстволық  бағыныстылығына  қарамастан  білім  беру  ұйымдарына 
құжаттарды  қабылдау  және  оқуға  қабылдау"  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметін  (бұдан  әрі  –
мемлекеттік көрсетілетін қызмет) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан 
әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2)  "электрондық  үкімет"  веб-порталы:  www.egov.kz  (бұдан  әрі  –  портал)  арқылы  жүзеге 
асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды, қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беру 
және  жаңа  оқу  жылынан  бастап  орта  білім  беру  ұйымына  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта) 
қабылдау туралы бұйрық шығару.
Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  нәтижесін  ұсыну  нысаны:  электронды  немесе  қағаз  түрінде. 
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге 
жүгінген кезде нәтижесі қағаз жеткізгіште ресімделеді.
Портал  арқылы  жүгінген  кезде  көрсетілетін  қызметті  алушының  "жеке  кабинетіне" 
көрсетілетін қызметті берушінің  уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы  (бұдан 
әрі  –  ЭЦҚ)  қойылған  электрондық  құжат нысанында  білім  беру  ұйымына  қабылданғаны  туралы 
хабарлама келеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда  –  Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.11.2018 № 327
қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
2.  Мемлекеттiк  қызмет  көрсету  процесiнде  көрсетiлетiн  қызметтi  берушiнiң 
құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау
4.  Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға көрсетілетін қызметті 
алушының ата-анасынан (немесе өзге де заңды өкілдерінен) Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта, 
жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  бағдарламалары  бойынша  оқыту  үшін 
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және 
оқуға  қабылдау"  мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартының  (бұдан  әрі  –  Стандарт)  9 
тармағына  сәйкес  өтініштің  немесе  оның  өкілінің  ЭЦҚ  қол  қойылған  электрондық  құжат 
нысанындағы сұратудың болуы негіздеме болып табылады.
5.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінің  құрамына  кіретін  рәсімдердің  (іс-қимылдардың) 
мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1-іс-қимыл  –  көрсетілетін  қызметті  беруші  кеңсесі  қызметкерінің  көрсетілетін  қызметті 
алушының  құжаттарын  қабылдауы  мен  тіркеуі,  құжаттарды  көрсетілетін  қызметті  берушін ің 
басшысына  қарауға  беруі,  көрсетілетін  қызметті  алушыға  Стандартқа  2  қосымшаға  сәйкес 
құжаттарды алғаны туралы қолхат беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2-іс-қимыл  –  көрсетілетін  қызметті  беруші  басшысының  көрсетілетін  қызметті  алушының 
құжаттарын қарауы, қаралған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындауға 
беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут; 
3-іс-қимыл  –  көрсетілетін  қызметті  беруші  маманының  құжаттардың  Стандарттың  9 
тармағында  көрсетілген  талаптарға  сәйкестігін  қарауы  және  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта 
білім  беру  ұйымына  қабылдау  туралы  бұйрық  жобасын  дайындауы  және  көрсетілетін  қызметті 
берушінің басшысына қол қоюға жіберуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні; 
4-іс-қимыл  –  көрсетілетін  қызметті  беруші  басшысының  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта 
білім  беру  ұйымына  қабылдау  туралы  бұйрыққа  қол  қоюы  және  оны  көрсетілетін  қызметті 
берушінің кеңсесіне жіберуі. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут. 
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
көрсетілетін  қызметті  берушіге  құжаттар  топтамасын  тапсырған  сәттен  бастап,  сондай-ақ 
портал арқылы жүгінген кезде – қолхат алу үшін бес жұмыс күні;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.
6. Осы Регламенттің  5 тармағында  көрсетілген 1-іс-қимыл бойынша көрсетілетін мемлекеттік 
қызмет  рәсімінің  (іс-қимылының)  нәтижесі  көрсетілетін  қызметті  алушының  құжаттарын 
көрсетілетін  қызметті  берушінің  басшысына  беру  болып  табылады.  Көрсетілетін  қызметті 
алушының  көрсетілетін  қызметті  берушінің  басшысына  берген  құжаттар  топтамасы  осы 
Регламенттің 5 тармағында көрсетілген 2-іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады. Осы 
Регламенттің  5-тармағында  көрсетілген  2-іс-қимыл  нәтижесі  көрсетілетін  қызметті  беруші 
басшысының  көрсетілетін  қызметті  алушының  құжаттарын  қарауы  және  көрсетілетін  қызметті 
беруші  басшысының  бұрыштамасы  қойылған  құжаттарды  көрсетілетін  қызметті  берушінің 
маманына беруі болып табылады, олар осы Регламенттің 5-тармағында көрсетілген 3-іс-қимылды 
бастауға  негіз  болады.  Осы  Регламенттің  5  тармағында  көрсетілген  3-іс-қимылдың  нәтижесі 
көрсетілетін қызметті беруші маманының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына 
қабылдау  туралы  бұйрық  жобасын  дайындауы  болып  табылады,  ол  осы  Регламенттің  5 
тармағында  көрсетілген  4-іс-қимылды  орындау  үшін  негіз  болады.  Осы  Регламенттің  5 
тармағында  көрсетілген  4-іс-қимылдың  нәтижесі  көрсетілетін  қызметті  беруші  басшысының 
бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру  ұйымына  қабылдау  туралы  бұйрыққа  қол  қоюы 
болып табылады. 
3.  Мемлекеттiк  қызмет  көрсету  процесiнде  көрсетiлетiн  қызмет  берушiнiң 
құрылымдық  бөлiмшелерiнiң  (қызметкерлерiнiң)  өзара  iс-қимыл  тәртiбiн 
сипаттау
7.  Мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесіне  қатысатын  көрсетілетін  қызметті  берушінің 
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі: 
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің қызметкері;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті рәсімдердің (іс-қимылдардың) сипаттамасы:
1)  көрсетілетін  қызметті  берушінің  кеңсесі  қызметкерінің  көрсетілетін  қызметті  алушының 
құжаттарын  қабылдауы  мен  тіркеуі,  құжаттарды  көрсетілетін  қызметті  берушінің  басшысына 
қарауға беруі, көрсетілетін қызметті алушыға Стандартқа  2 қосымшаға  сәйкес құжаттарды алғаны 
туралы қолхат беруі. Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут;
2)  көрсетілетін  қызметті  беруші  басшысының  көрсетілетін  қызметті  алушының  құжаттарын 
қарауы,  қаралған  құжаттарды  көрсетілетін  қызметті  берушінің  маманына  орындауға  беруі. 
Орындалу ұзақтығы – 15 (он бес) минут; 
3)  көрсетілетін  қызметті  беруші  маманының  құжаттардың  Стандарттың  9  тармағында
көрсетілген  талаптарға  сәйкестігін  қарауы  және  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 
ұйымына  қабылдау  туралы  бұйрық  жобасын  дайындауы  және  көрсетілетін  қызметті  берушінің 
басшысына қол қоюға жіберуі. Орындалу ұзақтығы – 1 (бір) жұмыс күні; 
4) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бастауыш, негізгі  орта, жалпы орта білім беру 
ұйымына  қабылдау  туралы  бұйрыққа  қол  қоюы  және  оны  көрсетілетін  қызметті  берушінің 
кеңсесіне жіберуі. Орындалу ұзақтығы – 30 (отыз) минут. 
4.  Мемлекеттiк  қызмет  көрсету  процесiнде  ақпараттық  жүйелердi  пайдалану 
тәртiбiн сипаттау
9.  Портал  арқылы  мемлекеттік  қызмет  көрсету  кезінде  жүгіну  және  көрсетілетін  қызметті 
беруші  мен  көрсетілетін  қызметті  алушы  рәсімдерінің  (іс-қимылдарының)  реттілік  тәртібі  осы 
Регламентке 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын ақпараттық жүйелердің 
функционалдық өзара iс-қимыл диаграммасында көрсетілген:
көрсетілетін  қызметті  алушы  ЖСН  мен  пароль  арқылы  порталда  тіркеуді  жүзеге  асырады 
(порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс - көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЖСН 
мен парольді порталға енгізуі (авторландыру процесі);
1-шарт  -  порталда  ЖСН  мен  пароль  арқылы  тіркелген  көрсетілетін  қызметті  алушы  туралы 
деректердің түпнұсқалығын тексеру; 
2-процесс  -  көрсетілетін  қызметті  алушының  деректерінде  бұзушылықтардың  болуына 
байланысты порталда авторландырудан бас тарту туралы порталда хабарлама қалыптастыру;
3-процесс  -  көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, 
мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін  сұрату  нысанын  экранға  шығаруы  және  оның  құрылымы  мен 
форматтық  талаптарын  ескере  отырып,  көрсетілетін  қызметті  алушының  нысанды  толтыруы 
(деректерді  енгізуі),  сұрату  нысанына  Стандарттың  9  тармағында  көрсетілген  қажетті 
құжаттардың көшірмелерін электрондық түрде тіркеуі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының 
сұратуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы; 
2-шарт  –  порталда  ЭЦҚ  тіркеу  куәлігінің  қолданылу  мерзімін  және  кері  қайтарылған  (күші 
жойылған)  тіркеу  куәліктерінің  тізімінде  болмауын,  сондай-ақ,  сәйкестендіру  деректерінің 
(сұратуда көрсетілген ЖСН мен  ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасындағы) сәйкестігін 
тексеру;
4-процесс  -  көрсетілетін  қызметті  алушының  ЭЦҚ  түпнұсқалығы  расталмауына  байланысты 
сұратып отырған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5-процесс  -  мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұратуды көрсетілетін қызметті беруші ЭЦҚ-сы 
арқылы  куәландыру  және  көрсетілетін  қызметті  беруші  өңдеу  үшін  электрондық  құжатты 
(сұратуды) ЭҮШ арқылы ЭҮӨШ АЖО-ға жолдау;
6-процесс - электрондық құжатты ЭҮӨШ АЖО-да тіркеу;
3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы қоса берген 
құжаттарының  Стандартта  көрсетілген  құжаттарға  және  мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін 
негіздерге сәйкестігін тексеруі (өңдеуі);
7-процесс  -  көрсетілетін  қызметті  алушының  құжаттарындағы  бұзушылықтардың  болуына 
байланысты,  сұратып  отырған  мемлекеттік  қызметті  көрсетуден  бас  тарту  туралы  хабарлама 
қалыптастыру;
8-процесс  –  көрсетілетін  қызметті  алушының  бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру 
ұйымына қабылдау туралы бұйрықты алуы.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін 
қызметті  берушінің  құрылымдық  бөлімшелерінің  (қызметкерлерінің)  өзара  іс-қимылдарының 
және  мемлекеттік  қызмет  көрсету  процесінде  ақпараттық  жүйелерді  қолдану  тәртібінің  толық 
сипаттамасы  осы  Регламентке  2  қосымшаға  сәйкес  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  бизнес-процестерінің  анықтамалығында  көрсетілген.  Мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  бизнес-процестерінің  анықтамалығы  "электрондық  үкімет"  веб-порталында,  көрсетілетін  қызметті 
берушінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Ескерту:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі
ЭҮШ – "электрондық үкімет" шлюзі
ЭҮӨШ АЖО - "Электрондық үкіметтің" өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орны
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге әрекет етілген ақпараттық 
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер:  
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білім берудің жалпы білім
беретін бағдарламалары
бойынша оқыту үшін
ведомстволық
бағыныстылығына қарамастан
білім беру ұйымдарына
құжаттарды қабылдау және
оқуға қабылдау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету 
кезінде  

2) портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде  

Шартты белгілер: 
Наш адрес
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
КУРЧУМСКОГО РАЙОНА
Республика Казахстан 070003 ВКО, Курчумский район,

©2016-2024, Официальный сайт Коммунальное государственное учреждение "Курчумская средняя школа №4 им Н.Островского" отдела образования по Курчумскому району Управления образования Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа" Техническая поддержка "Internet service" +77075327722. tangatarov13@mail.ru