09
декабрь
2024
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ата-аналар жиналысы
Мектебімізде «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ата-аналар жиналысы өтті.Іс-шараны мектеп директоры Қанағат Слямова ашып, күн тәртібінде қойылған сұрақтарды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Рамазанова баяндады. Ал, мектеп психологы Индира Ақшабаева ата-аналармен тренингтік жаттығулар жасады. Жиналысқа «Жанұя» отбасын қолдау орталығының психолог маманы Лаура Нурманова арнайы келіп, орталық жұмысымен таныстырды. Аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Сағындыққызы отбасындағы зорлық-зомбылық туралы айтты.
Соңында "Жас Ұлан" мен мектеп парламенті ұйымдарының ұйымдастыруымен "Ретро-фестиваль" өтіп, ата-аналарға көңілді көңіл күй сыйлады. Балалар 90-жылғы үлгіде киініп келіп, ән мен би, көрініс көрсетіп, өткен шаққа саяхат жасағандай болды.
#біртұтас_тәрбие
#зорлықзомбылыққа_жолжоқ