29
август
2022
«Ядросыз әлем - жаһандық қауіпсіздік», «Ата заң -елдігімнің еңсесі»
24.08.2022 ж. Күршім аудандық кітапханасы мен мектеп әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған «Ядросыз әлем - жаһандық қауіпсіздік», «Ата заң -елдігімнің еңсесі» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді. Мемлекетiмiздегi 30-тамыз Конституция күні мерекесі қарсаңында, Конституцияда көрсетiлген адамның құқықтары мен міндеттері, өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып өтілді. Семей ядролық сынақ полигоны, алғашқы сынақ, онын адамдарға, қоршаған ортаға әкелген орасан зор зияны, «Невада-Семей» қоғамдық ұйым туралы мағлұматтар берiлдi. Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.Үмітбаева қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты кітабына өзінің пікірін бiлдiрiп, қысқаша мазмұнымен таныстырып өтті. Танымдық сабақта С.Досжанның «Үзілмеген үміт», жаушы М.Сәрсекенің «Семей қасіреті», «Қазақстан Республикасының Конституциясы», «Қазақтың ата заңдары» атты кітаптарына шолу жасалды. Аудандық кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдіреміз