"Үздік әдістемелік бірлестік" сайысы » КГУ "Курчумская средняя школа №4 имени Николая Островского"
КГУ "КУРЧУМСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА №4 ИМЕНИ Н.ОСТРОВСКОГО"
ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО КУРЧУМСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Приемная:
+7 (7232) 61-76-04
Бухгалтерия:
+7 (7232) 61-76-50
Версия
для слабовидящих
» » "Үздік әдістемелік бірлестік" сайысы
18
февраль
2022

"Үздік әдістемелік бірлестік" сайысы

Н.Островский атындағы √4 Күршім орта мектебінде әдістемелік бірлестіктің қызметтік жұмысын жетілдіру, озық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату, педагогикалық инновациялар банкін құру мақсатында ұйымдастырылған мектепшілік "Үздік әдістемелік бірлестік" сайысы өткізілді. Сайыстың ережесіне сәйкес 2 кезең бойынша мектептегі алты әдістемелік бірлестік өз жұмыстарын дайындап өткізді. Жаңашыл, шығармашыл ұстаздардың ерекше идеяларымен жасалған портфолиолары, оқыту үрдісінде қолдану үшін, өз тәжірибелеріне сүйене отырып ұсынған педагогикалық идеялары тиісті бағаларын алды. Сайыстың нәтижесі бойынша "Шығармашыл бірлестік" номинациясына Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық пәндері бірлестігі, "Ұйымшыл бірлестік" номинациясына Бастауыш сынып бірлестігі ие болды. ІІІ орынды Орыс тілі мен шет тілдер бірлестігі, ІІ орынды Жаратылыстану бірлестігі, І орынды Қазақ тілі мен тарих пәндері бірлестіктері иеленді. Бас жүлдені 🏆 жеңіп алған Математика, информатика, физика бірлестігі. Әр әдістемелік бірлестік мақтау қағаздарымен және кәсіподақ ұйымының сыйлықтарымен марапатталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Наш адрес
ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ
ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ
КУРЧУМСКОГО РАЙОНА
Республика Казахстан 070003 ВКО, Курчумский район,

©2016-2024, Официальный сайт Коммунальное государственное учреждение "Курчумская средняя школа №4 им Н.Островского" отдела образования по Курчумскому району Управления образования Восточно-Казахстанской области
Все права защищены. Проект "Интерактивная школа" Техническая поддержка "Internet service" +77075327722. tangatarov13@mail.ru