06
декабрь
2024
2535 әскери бөліміне экскурсия
Отанды риясыз сүю – әр азамат үшін қастерлі парыз. Бұл ретте жас буынның бойында Отансүйгіштік пен патриоттық сезім қалыптастыру аса маңызды.Осы орайда мектебіміздің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімі Нұртас Тансыкпаев 10-сынып оқушыларын 2535 әскери бөліміне экскурсияға апарды.Оқушыларға техника мен қару-жарақ, қорғаныс құралдары таныстырылып, әскери қызметшілердің міндеттері айтылды.
Олар заманауи қазақстандық жауынгердің қаруларын көріп қана қоймай, қолдарында ұстап, АК-74 автоматын жинады. Сонымен қоса, сарбаздардың тұрмысымен танысуға, олармен әңгімелесуге және әскери қызметшілердің өмірі туралы көптеген қызықты ақпарат алуға мүмкіндік алды.
Бұл экскурсия оқушыларды жігерлендіре түскені анық.